Басты Жаңалықтар Орман тіршілігін бақылайтын робот

Орман тіршілігін бақылайтын робот

Ормандар табиғи апатқа жиі ұшырайды. Оксфорд университетінің ғалымдары орман алқаптарына төнетін қауіпті роботтың көмегімен алдын алуы мүмкін. Ал Жапониялық робот келешекте құқтару жұмыстарына белсене қатыса алады. Әлемдегі техно жаңалықтар туралы әріптесім Темірлан Нұржанұлы айтсын.
Орман тіршілігін бақылайтын робот
Бұл төрт аяқты ит тәріздес робот. Ол орман өмірін бақылайды. Ағаштардың қандай қарқынмен, қалай өсіп жатқанын анықтайды. Алқапта қурап жатқандары болса, оны да көреді. Роботты әзірлген ANYbotics атты Швейцариялық компания. Техника бүгінде орман шаруашылығын тұрақты етуге бағытталған жобада қолданылады. Онымен Оксфорд робототехника институтының ғалымдары айналысып жатыр.
Морис Фэллон, Оксфорд университеті робототехника профессоры, Digiforest жобасының жетекшісі:

Робот үшөлшемді модель жасап, орман өмірі жайлы ақпарат беріп, сараптама жасауға көмектеседі. Осылайша, орманшы алқапты қатты желден қорғау үшін қай ағаштарды кесуге болатынын алдын ала біле алады.
Құтқару жұмысына қатысатын робот
Жапонияда өткен халықаралық робот көрмесінде бірқатар техниканың жұмысы жұрт назарына ұсынылды. Олардың бірі - Kaleido 9. Жуырда ол құтқару жұмыстарына қатысып, апаттық жағдайларда адамдармен қатар жұмыс істеуі мүмкін. Сондай-ақ, күнделікті жұмыста да атсалыса алады. Жапонияда халықтың қартаюы мен туу көрсеткішінің азаюынан, робот елдегі жұмыс тапшылығын азайтуға бағытталып отыр.
Жасанды интеллектіні әзірлегендер «Жыл адамы» атанды
Жасанды интеллектіні әзірлеген адамдар «жыл адамы» аталды. Мұндай атақты оларға Time журналы өткен бейсенбіде берді. Басылым олардың революциялық технологиялар арқылы ойлай алатын машиналар дәуірінің басталуына жол ашқанын атады.
«Жыл адамы» сыйлығы – әлем назарын өмірімізді өзгертетін тұлғаларға салуға арналған қуатты тәсіл. Биыл ЖИ-ді жобалаған әрі оны іске қосқан адамдардан артық ықпал еткен ешкім болған жоқ», - дейді журналдың бас редакторы Сэм Джейкобс.

Бөлісу