Шымкентте жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды
Шымкентте жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды. Астана алаңына орнатылған шыршаның биіктігі 18 метр. Оны безендіру үшін ұзындығы 4 шақырымға жететін жарықшам-гирлянда ілінді. Иллюминация мен үйлестірілген тақырыптық безендірулер, ойын-сауық бағдарламалары алаңға келгендерге ертегі атмосферасын сыйлады.
Негізгі салтанат басталмас бұрын халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетті. Кейін 100-ге жуық Аяз ата мен Ақшақардың биімен меркелік кештің шымылдығы ашылып, қаланың басты шыршасының шамы жағылды.
Нұрлан Есіркепов, қала тұрғыны:
Жақсы ұйымдастырылған. Керемет, әдемі барлығы. Көшелердегі безендіру. Алаңдағы безендірудің барлығы, өте ойдағыдай және тамаша әсер қалдырып отыр.Астана алаңы шынайы мерекелік кеңістікке айналды. Аумақтағы 80-нен астам шырша түрлі түсті шамдармен жарқырады. Балалар аттракциондар мен ойын-сауыққа қызығып, шат көңілмен уақыт өткізді. Бастысы бүлдіршіндердің көңілінен шықты.
Шырша жанғаны ұнады.Әрі қарай мерекелік кеш отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде елге танымал жұлдыздар өнер көрсетіп, әуезді әндерімен кештің көркін қыздырды.
Әдемі болып шыршалар осылай жанып тұра берсін.
Аяз атаға рахмет, бізге сыйлықтар беріп тұрсын, аумин.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Серік Ибрагимов, әнші:
Шымкент халқының ықыласы өте бөлек, ерекше. Жалпы көңіл-күйлері үнемі 200 пайыз жүреді деп ойлаймын. Сондықтан шама келгенше көңілдерінен шығуға тырыстық.Миллионды шаһарда бұл күні тек бір ғана шыршаның шамы жарқырамады. Бас шыршадан бөлек бес ауданның орталығында да жаңа жыл символы көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлайды. Жарқыраған шырша , әсем ән - алаңға келгендерге жылу сыйлап, жаңа жыл мерекесінің жақындағанын сездірді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16