Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот үкімі шықты
Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдікке алынған Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа сот үкімі шықты. Ол қызметін заңсыз пайдаланып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын өзіне жақын компанияға берді деп айыпталған. Сот істі Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қарады. Алайда бір эпизод бойынша кінәсіз, ал басқа баптар бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сот Бағдат Қарасаевты «Парасат» және «Құрмет» ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізу жөнінде қаулы қабылдады.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28