Басты Жаңалықтар Қостанай облысының транзиттік мүмкіндіктері артады

Қостанай облысының транзиттік мүмкіндіктері артады

Қостанайда ірі құрғақ порт салынады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Жылына 400 мың контейнерді өңдейтін кешеннің құны 64 млрд теңге. Осылайша өңірдегі жүк тасымалының көлемі 20 пайызға ұлғаймақ. Ал алдағы көктемде орталық-батыс күре жолының құрылысы басталады. Жобаның құрылысы кезінде мыңдаған жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Ал жол ашылған соң тразниттік көліктердің есебінен сауда саттық жанданып, экономикалық өсім болады. Облыс әкімінің айтуынша, құрылысқа жергілікті материалдарды пайдалану жоспарланып отыр.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

Қажет ететін материалдарды Торғайдың өзінен іздеп жатырмыз, Амангелдіде өзінде іздеп жатырмыз. Арқалықтың маңайында, щебень, құм басқа да материалдардың біразы бар. Енді қажетті материалдарды Амангелді мен Жангелдінің жанынан іздеп жатырмыз. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Қостанай облысының жалпы экономикалық өсімі 7 пайызға жетті

Жалпы облыста оң экономикалық өсім бар. Жыл соңына дейін 7 пайызға дейін көтеріледі деді Құмар Ақсақалов. Облыс өңдеу өнеркәсібіне ерекше басымдық беріп отыр. Қазақстанда құрастырылатын көліктердің 25 пайыздан астамы Қостанайдан шығады. Жуырда оларға қосалқы бөлшектерді жасайтын бірнеше зауыт іске қосылмақ. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асады. Барлығы 7 млн тонна астық жиналған.


Бөлісу