Ресейде студент саны 25 пайызға азайды
Ресейде студент саны 25 пайызға қысқарды. Көрші ел келер жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Болон жүйесінен түбегейлі шығатынын мәлімдеген болатын. Сондықтан елде студент саны бір жылда азайып отыр. Мамандар 2032 жылға дейін жоғары оқу орындарында оқитындар кеми беретінін айтады. Жоғары оқу орындарының саны да екі есе қысқарған. Ресей Болон жүйесінен шыққан соң жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе 4 жылдық бакалавриат, және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы «специалитетке», яғни 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Ал магистратураның орнына мамандандырылған жоғары оқу орны, 1-3 жылдық білім бағдарламасы енгізіледі.
Мария Князева, жоғары оқу орнының ректоры:
Бізді университет пен оқу орындары үшін бұл сұрақ өте маңызды. Сондықтан біз Ресейдің білім стандарттарына сәйкес, бірақ өз білім моделімізге көшуді жөн көрдік. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жалпы Ресейдегі әр оқу орнының өз ерекшелігі бар. Сондықтан әр оқу орны өз моделін жүзеге асырған дұрыс деп ойлаймын. Алайда жаңа модельге көшу үшін қомақты қаражат керек. Түбегейлі бағдарламаны ауыстыру оңай емес.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03