Соғыста қаза тапқан 2 жауынгердің сүйектері елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері туған жеріне жеткізілді. Тиісті рәсім Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Майданда мерт болғандардың денелері Ресей аумағында табылған. Оның бірі – 1917 жылы дүниеге келген Байбола Рахметов. Жауынгерді іздеумен «Обелиск» жасағы айналысқан. Ол 1101 атқыштар дивизиясының 356 атқыштар полкінде зеңбірек көздеушісі болған. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Ал екінші майдангер – 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оны «Псковский рубеж» іздестіру бірлестігінің мүшелері Псков облысы Турки-Перевоз ауылының маңынан тапқан. Енді екі жауынгер де ата жұртында қайта жерленеді.
Базаркүл Алтайбаева, Байбола Рахметовтің немересі:
Топырағы тартып, атамыздың ата жұртына келіп жатқанына қатты қуаныштымын. Толқып тұрмын... Не айтатынымды да білмеймін. Өзі бір шаңырақтан 8 ұл болған. Соның бәрін Ұлы Отан соғысына алып кеткен. Содан қайтқан осы кісі ғана. Бәріне үлкен рахмет айтамын. Өте қуаныштымын!
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03