Павлодар облысында колледждерде 48 жаңа мамандық ашылды
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Павлодар облысындағы колледждерде 48 жаңа мамандық ашылды. Олардың қатарында «Полимер өндірісінің технологиясы», «жаңартылатын энергия», «жылжымайтын мүлікті басқару» және «нан пісіру» секілді оқу бағдарламалары бар. Жалпы, облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 42 ұйым бар. Соның 28-і мемлекеттік, 14-і жеке меншік колледждер. Онда 22 мыңнан астам студент білім алады. Тек Машина жасау колледжінде 400-ге жуық білім алушы бар.
Нұрсұлтан Байділдин, Машина жасау колледжінің оқытушысы:
Дуалды оқыту бойынша өнеркәсіпте тәжірибеден өтіп, оқуды бітірген соң Павлодардың ірі өнеркәсіптеріне жұмысқа тұрады. Біз жұмыспен қамтамасыз етеміз. Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламасы пайда болды. Педагогтердің біліктілігін арттыру арқылы жұмысшы мамандардың сапасы жақсарды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17