Басты Жаңалықтар Әлемді бағындырған қазақстандық өнерпаздар

Әлемді бағындырған қазақстандық өнерпаздар

Жыл қазақстандық өнерпаздар үшін жемісті болды. Әлемге әйгілі Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берді. Мыңдаған аудиторияны жинаған кеш қазақ өнерінің дүниежүзіне танылуына себеп болды. Сонымен бірге, бірқатар әнші ең ірі халықаралық музыкалық байқауда өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, Ержан Максим Дубайда өткен Sanremo Best Song – 2025 байқауында топ жарды. Александр Лим «Жаңа толқын», Алмагүл Батталиева «Славян базары», El Voice тобы «Soldier’s Envelope» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері атанды. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылының 7-сынып оқушысы Мирас Нағашыбай «Витебск» халықаралық балалар музыкалық байқауының жеңімпазы атанды. Ал Жасмина Түзелова Ресейдегі «Голос. Дети» музыкалық жобасында үшінші орынды иеленсе,  Amre лақап атымен танымал Ернар Садырбаев «Интервидение» халықаралық байқауының финалисі атанды.

Сонымен қатар, биыл шығармашылық оқу орындарының студенттері арасынан байқау жеңімпаздарының саны15 пайызға көбейді. Тек осы жылдың өзінде мәдениет саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің 1511 студенті республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары атанды.


Бөлісу