Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Сирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен күрд қарулы жасақтары қақтығысты. Наурызда қол қойылған келісімге сәйкес, күрд жасақтары жыл аяқталғанша мемлекет армиясына қосылуы тиіс еді. Алайда, мәміле орындалмаған. Соңғы мәліметке қарағанда, атыс кезінде 3 адам қаза тауып, 25-і жараланды.

Италияның монополияға қарсы органы «Эппл» компаниясына 115 млн доллар айыппұл салды. «Эппл» мобильді қосымшалар нарығында беделін асыра пайдаланған. Осылайша, еуропалық нормаларды бұзды деп айыпталып отыр. 

Әлем нарығында алтын бағасы кезекті рекорд жаңартып, 4400 доллардан асты. Оның қымбаттауына АҚШ Федералдық резервінің келесі жылы пайыздық үстемені екі рет төмендетіп, долларды арзандату жоспары себеп. Жыл басынан бері алтын құны 68 пайызға өскен.

Әйгілі актер Джеки Чан Миланда өтетін қысқы Олимпиада алауы эстафетасына қатысты. Ол факелді ежелгі Помпей қаласында алып жүрді. Қысқы ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпанда болады. Соған дейін факел Италияның 12 мың шақырымға созылған 110 провинциясынан өтпек.



Бөлісу