Премьер-министр бірқатар шетелдік компания өкілдерімен кездесті
Үкімет басшысы Қазақстанға инвестиция салып отырған бірқатар шетелдік компания өкілдерімен кездесіп, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасымен әңгімеде Кеңестің 38-жалпы отырысына дайындық барысы және инвесторлармен өзара іс-қимылды дамыту жайы сөз болды. Alstom Kazakhstan басшылығымен келіссөзде Электровоз құрастыру зауытының өнімдерін экспортқа шығару перспективасы қаралды. Қазір кәсіпорындағы өндірісті локализациялау деңгейі 35 пайызға жеткен. Ал Polpharma Santo компаниясымен фармацевтика саласындағы инвестициялық жоба талқыланды. «Химфарм» қазақстандық белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндірісін жолға қоймақ. Жоба саланың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған. Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға инвесторлар айтқан мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы