Басты Жаңалықтар Өзбекстанда 7 млн данадан астам пиротехникалық заттар тәркіленді

Өзбекстанда 7 млн данадан астам пиротехникалық заттар тәркіленді

Өзбекстанда жыл басынан бері 7 млн данадан астам пиротехникалық заттар тәркіленді. Құны 200 мың долларға жуықтайтын тауарды пысықайлар шекара арқылы заңсыз өткізбек болған.

Көрші елде мұндай заттардың саудасына қатаң тыйым салынған. Яғни, пиротехникалық бұйымдарды өндіріп, сақтап, тасымалдағандарға, сондай-ақ ел аумағына әкелушілерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз айналымнан алынған барлық пиротехникалық заттар уақытша сақтау үшін төтенше жағдайлар қызметіне беріліп, соңынан жойылады. Ал құзырлы органдар мұндай фактілерді байқаған адамның құқық қорғау органдарына жедел хабарлауы қажеттігін ескертеді.

Хусан Тангриев, Кеден комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын заңсыз тасымал әрекеттері жиілеуі ықтимал. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қырағылықты арттырып жатырмыз. Құқық бұзушылыққа жол бергендер заңға сәйкес жауапқа тартылады.  
 

Бөлісу