Басты Жаңалықтар Жетісу облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

 Жетісу облысында биыл 2 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды. Мемлекет тарапынан саланы қолдауға 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Ол қаражатқа өңірде жаңа техника алынып, су үнемдеу технологиясы енгізілді. Нәтижесінде егін және мал шаруашылығында өндіріс көлемі артып отыр. Бүгін өңірдің дамуына үлес қосқан дала еңбеккерлері марапатталды. Қамбаны астыққа толтырып, төрт түлікті түлеткен мамандарға ақшалай сертификаттар мен алғыс хат табысталды. 20-дан астам адам «Құрмет грамотасы» мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Қанат Нұрсейітұлы, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері:

Мен 1995 жылдан бастап осы ауыл шаруашылығында шаруа қожалығымды ашып,  жұмыс істеп жатырмын. 30 жылдан асты. Бүгінгі марапат, медаль сол еңбегіміздің өтеуі. Ауыл шаруашылығын ары қарай дамытып қызылшамызды егіп, малымызды қарап жұмыс істей береміз.  
 
 

Бөлісу