Басты Жаңалықтар ШҚО-да аймақтық талдау орталығы ашылды

ШҚО-да аймақтық талдау орталығы ашылды

Еліміз бойынша алғаш болып Шығыс Қазақстан облысында талдау орталығы ашылды. Цифрлық платформаға құрылған жоба өңірдегі барлық салаға қатысты мәселені онлайн сараптап, шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жылу, қоқыс шығару түйткілінен бастап, экология, су тасқыны, жол-көлік оқиғасы және төтенше жағдайларға дейінгі барлық бағыт қамтылған. Тіпті құрылыс салып жатқан мердігерлер жұмысы да онлайн бақыланады. Мәселен, жылыту қазандықтарына  орнатылған  құрылғылар  әр минут сайын температура, қысым, су шығыны және отын қоры туралы деректерді орталыққа жіберіп отырады. Көрсеткіштер қалыпты деңгейден ауытқыса, жүйе бірден дабыл қағады. Өңірде гидробекеттерді автоматтандыру да қолға алынды. Арнайы құрылғылардың көмегімен  судың деңгейін, ағыс жылдамдығын және мұздың қалыңдығын да бақылайды.  Осы деректер негізінде жасанды интеллект су тасқынын болжай отырып, қауіп-қатер туралы алдын ала ескерту жасай алады.

Ал келесі  жылы облыста көпсалалы ұшқышсыз ұшу аппараттары паркі іске қосылады.

Бөлісу