Президент өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралады
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралады. Онда винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері қойылған. «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының, құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған. №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында айтылды. Бұл алаңда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 500 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытындағы жұмыс қарқынды. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылады. Астананың жалпыұлттық пулы аясында шамамен 2 миллион теңгеге 120 жоба іске асады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы