БҚО-да қар үстіне асфальт төсеген мердігерді сотқа берді
Батыс Қазақстан облысында қысты күні жаяу жүргіншілер жолына асфальт құйған мердігер сынға қалды.
Ақжайық
ауданы Чапаев ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде таратқан бейнематериалда
Майданов көшесіндегі қар үстіне асфальт төселген оқиғаны баяндайды. Облыс
әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше көшедегі жаяу жүргіншілер
жолын шымкенттік «Қазақстан ұйымдастырушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі салып
бастаған. Келісімшарттың жалпы құны – 21 млн теңге. Мердігерге 14 млн теңге
төленген. Ал қар түскен соң атқарылған жұмысты тапсырыс беруші, яғни ауыл
әкімдігі қабылдамаған. Әрі «Қазақстан ұйымдастырушылар қоғамы» қоғамдық
бірлестігін жауапсыз мердігер ретінде айыптап, сотқа берген. Талап-арызға сай
айыппұл да өндірілмек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17