Басты Жаңалықтар Абай облысында 50 жылға жуық жолда еңбек еткен маман марапатталды

Абай облысында 50 жылға жуық жолда еңбек еткен маман марапатталды

Абай облысында 50 жылға жуық жол саласында еңбек етіп келе жатқан Гүлрайхан Мұхамадиева Төтенше жағдайлар министрлігі атынан марапатталды. Көкпекті ауылында тұратын еңбек адамы өмір бойы жол саласында жұмыс істеп келеді. Ер азаматтармен иық тіресіп, трактор мен түрлі ауыр техниканы тізгіндейді. Қатардағы жұмысшыдан, жол пайдалану бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілген. Зейнетке шыққалы 10 жылға жуық уақыт болса да әлі де өз ісін жалғастырумен келеді. «Омбы-Майқапшағай» тас жолындағы қысы қатал Байбура учаскесіне жауапты. Гүлрайхан Мұхамадиева жыл сайын қақаған қыста қар құрсауынан жүздеген көлікті құтқарады. Төтенше жағдай министрлігі еңбек адамының ерлікке пара-пар ісін бағалап «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Гүлрайхан Мұхамадиева, Жол пайдалану бөлімінің басшысы:

Еңбегімізді бағалап, ең бірінші ұжымның, өзімнің еңбегімді бағалап осылай марапаттап жатқанына қуаныштымын. Мен істеген жұмысыма бере қойса екен деген ойымда жоқ. Керісінше боранды тосып жүремін ғой. Боран соқпаса біртүрлі. Одан кейін тұрған кісілерді құтқарып, сол кісілердің алғысын алғым келіп тұрады.
 

Бөлісу