Басты Жаңалықтар Қазақстанда теледидар көрермені 21 пайызға артты

Қазақстанда теледидар көрермені 21 пайызға артты

Қазақстанда теледидар көру көрсеткіші айтарлықтай өсті. Соңғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, ел бойынша теледидар аудиториясы 21 пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық медиа қауымдастығының жыл қорытындысына арналған жиынында белгілі болды. Зерттеу биыл қазан айынан бастап Ұлттық медиа қауымдастығы мен K Research Central Asia компаниясының бірлесуімен жүргізілген. Теледидар көру көрсеткішін есептеу биыл алғаш рет шағын қалалар мен ауылдарды қамтыды. Бұған дейін зерттеу, халқы 100 мыңнан асатын 21 ірі қалада ғана жүргізіліп келген. Нәтижелерге сәйкес, өңір тұрғындары теледидарды белсендірек қарайды. Шағын шаһарлар мен ауылдарда халық, күніне орта есеппен 198 минут теледидар тамашалайды. Бұл ірі қалалардағы көрсеткіштен 21 минутқа жоғары. Сонымен қатар, өңірлерде қазақ тіліндегі контентке сұраныс жоғары, - дейді мамандар. Ауылдар мен шағын қалаларда көрерменнің 82 пайызы теледидарды қазақ тілінде тамашаласа, ірі қалаларда бұл көрсеткіш – 59 пайыз.

Кемелбек Ойшыбаев, Ұлттық Медиа қауымдастығы байқау кеңесінің төрағасы:

Контентімізді қай бағытта, қандай өзгерістер жасау керекпіз, қандай конфигурация жасау керек екенін көрсетеді. Әрине, жалпы ұлттық ақпараттық қауіпсіздік жағынан да өте маңызды. Ауылдық жерлерде, әсіресе шекаралық аймақтарда, ауылдарда қандай телеөнімді көреді, қандай контентті қарайды деген тұрғыдан осы көрсеткіштерді ескере ары қарай жұмыс жасаймыз.


Бөлісу