Басты Жаңалықтар Президент шыршасына 100-ден астам дарынды оқушы қатысты

Президент шыршасына 100-ден астам дарынды оқушы қатысты

Елордада «Жаңа жыл республика төрінде» атты Президент шыршасы өтті.

Мерекелік кешке еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам бала жиналды. Олар – оқуда озат, спортта чемпион, өнерде дараланған және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан жас дарындар. Бұл жерге келуі –  олардың жыл бойғы қажырлы еңбегінің жемісі. Балалардың әрқайсысына Ақордадан жеткен сыйлықтар табысталып, 200-ден астам өнерпаз мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ән мен би ұсынды. Ал аниматорлар ертегі кейіпкерлерін жандандырса, аквагрим шеберлері балалардың қалауын орындады. Балалардың өздері жаңажылдық кешке ерекше  дайындалып келген.

Ясмина Асылбекова, 6-сынып оқушысы:

Қанаттарын жайып, әл-ауқат пен гүлденудің символы болып табылатын самрұқ құсы бейнеленген.

Санжар Нұрғазиев, 7-сынып оқушысы:

Бүгінгі ковбой деген образбен келдім. Себебі өзім ауылда бәйгеге қатысып жүрген баламын. Жаңа достар таптым. Бүгінгі күн өте күшті болып жатыр.

Мереке тек шыршамен шектелмеді. Бағдарлама аясында жас қонақтар Астананың көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алды.


Бөлісу