Ел әскерінің қатарында егіздер де бар
Ал даңқты батыр туған Әулиеата өңіріндегі әскери бөлімдерде жұптары жазылмай 5 егіз сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Жас жауынгерлерді Қорғаныс саласы бөліп-жармай бір бөлімге жіберген екен. Мәселен бір ғана «Ұлттық ұланның» өзінде 4 жұп бар. Бір үйдің қос ұлының Қарулы күштер қатарына қосылуы сирек құбылыс.
Сыңарымен сапқа тұрған сарбаздардың бірі - Диас пен Ілияс Төлепберген. Былтыр Талғар қаласынан Таразға келген 21 жастағы жігіттер қолдарына қару ұстап, қатарға қосылды. Жас жауынгерлер «Ұлттық ұланның» «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде борыштарын өтеп жүр. Бір үйдің балалары өскіндерге өнеге үлгі болу үшін әскери өмірдің әліппесін аштық дейді.
Диас Төлепберген, қатардағы жауынгер:
Артымызда өсіп келе жатқан қарындастарымыз, інілеріміз бізге қарап үлгі алады. Әскерге бару деген білімді тоқтату деген емес. Мен әскери қызметші бола тұрып, осы жерден грантқа оқуға түстім. Соны мақтан тұтамын. Борышымды өтеп болғаннан кейін оқу жолын қуалап, әрі қарай білекті бір маман иесі болатыныма сенімдімін.
Ілияс Төлепберген, қатардағы жауынгер:
Егізім екеуіміз әскери борышымызды атқарып қана қоймай, өзіміздің қоғамдық тәртіпті қадағалап, сыртта күзетіп жүреміз. Біз халыққа қызмет көрсетуден шаршамаймыз.
Анты мен азаматтық парызына адал ұландықтар қатарында 19 жастағы егіздер Эльхан мен Эльшан Нуриевтер де бар. Түркістан облысынан келген Нұрсұлтан мен Ерсұлтан, Аман мен Есен жабық мекемеде қарауылдық қызметте. Ал 28 903 әскери бөлімінен жаңадан келген жас сарбаздар Ақниет пен Әділет Төремұратовтарды кездестірдік. Ақтөбелік егіздер байланыс пен техника тілін меңгеріп жүр.
Ақниет Төремұратов, қатардағы жауынгер:
Екі ай болсақ та біраз нәрсені үйрендік. Тазалықты, шымырлықты, шапшаңдықты да үйрендік. Біз екеуіміз ұқсағанымызбен болмысымыз бөлек. Әскерге бармайтын адамдар баршылық. Біз егізім екеуіміз бір үйден болсақ та ата-анамызға рахмет, екеумізге ақ бататсын беріп, осы әскер қатарына қосып, шығарып салды.
Ел тыныштығын қоруға егіздердің баруы бұл – ата-ананың әскерге деген сенімі. Ал жастардың жауынгерлік рухпен санасын суаруы.
Рахымжан Арынтаев, 28 903 әскери бөлімі байланыс полкы ұтқыр торабы байланыс батальоны командирінің орынбасары:
Әскери бөлімге жіберіп, сенім артқан әке-шешесіне үлкен рахмет. Бұлар бір қатарда жүріп, бауырлар яғни бірі-біріне тіреу бола біледі.
Айта кетейік, биыл күзде «Оңтүстік» өңірлік Қолбасшылығының
әскери бөлімдеріне 2 мыңнан астам сарбаз қосылды. Борышын өтеуге келген
бозбалалар үйлеріне жігіт болып жетеді. Олардың әрқайсының отбасына аман-есен,
оғлан болып оралғаны – әскердің әлеуеті мен жауапкершілігін көрсетері сөзсіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы