Әртараптандыру нәтижесі: Бұршақ дақылдарынан рекордтық өнім жиналды
Қазақстанда 3 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Ал мақта өнімі шамамен 430 мың тоннаға жетті. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Әртараптандырудың нәтижесі. Бұл жөнінде Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Ауыл шаруашылық саласын әртараптандыру Президент тапсырмасы. Осы мақсатта егілетін дақылдардың түрін көбейтіп, терең өңдеу бағытына басымдық беру қажет. Министр бұл бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. Майлы дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсімнің негізгі өзегі деп атады.
Биыл Бұршақ дақылдарынан рекордтық өнім жиналған. Көлемі
1,1 млн тоннадан асты. Оның ішінде: жасымық – 842 мың, бұршақ – 222 мың, ноқат
– 22 мың тонна. Майлы дақылдардың өнімі 4,8 млн тоннаға жетті. Күнбағыс – 2,3
млн тонна, зығыр – 1,4 млн тонна, рапс – 522 мың тонна. Қазақстан күнбағыс
майын экспорттаушы әлемдік жетекші сегіз елдің қатарына енді.
Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрі:
Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам астықты өңдейді. Оның ішінде 510 мың тоннасы терең өңдеуге жіберіледі. 2028 жылға дейін жылына 4,8 млн тонна бидай және жүгері өңдейтін 5 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Салаға тартылатын инвестиция көлемі 2,6 млрд доллар. 3300 жұмыс орындары ашылады
Елімізде мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілмек.
2026-2028 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар әзірленді. Бұл бағытқа
кемінде 200 млрд теңге қаржы бөлінеді. Аталған қаражатқа шет елден аналық мал
басын жеткізу де қарастырылған. Осы мақсатта келер жылы «Игілік» бағдарламасын
жүзеге асыру жоспарлануда.
Бағлан Аймырзаев, АШМ, Мал шаруашылығы департаментінің
директоры:
Асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталатын болады. Бұл жерде 6 пайыздық несие болады. Мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін. Бұл жерде отандық та, шет елден де асыл тұқымды малдарды алып келуге мүмкіндік беріледі. Аграрлық корпорацияның бағаларды бекіткен арнайы методикасы бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы