Басты Жаңалықтар Қостанай облысында 3 әлеуметтік баспана салынды

Қостанай облысында 3 әлеуметтік баспана салынды

Қостанай облысындағы Боровской кентінде 3 әлеуметтік баспана салынып, қолданысқа берілді.

Өткен жылы екі нысандағы 24 пәтердің кілті тұрғындарға табысталды. Ал биыл тағы бір үйдің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған 45 отбасы қоныс тойын тойламақ. Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен барлығы 1 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген.

Наталья Репик, Боровской кентінің тұрғыны:

Кезекте 9 жыл тұрдым. 4 баламмен аядай пәтерді жалдап келдік. Ал жаңа үйіміз кең әрі жарық. 3 бөлмелі. Балаларымның да қуанышында шек жоқ. Ауласы да таза, спорт, ойын алаңдары бар. Барлық жағдай жасалған.

Арман Хасенов, Меңдіқара ауданы ТҮКШ және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Кеңес одағы кезінен бастап біздің ауданымызда жаңа үй құрылысы болмаған. Соңғы екі жылда мемлекет тарапынан ақшалай қаражат бөлініп жатыр. Биылға тағы бір бюджеттік өтінім жібердік бір үй салуға. Себебі кезекте әлі 200-ге жуық адам бар.  
 

Бөлісу