Сенат дәрігерлерді қорғайтын заңды мақұлдады
Сенат дәрігерлердің құқығын қорғайтын заңды мақұлдады. Енді медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Сенат отырысы жаңа ғана аяқталды. Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау туралы заң екі оқылымда мақұлданды. Енді дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Медицина қызметкеріне күш қолданамын деп қорқытса, 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Тіпті 2 жылға қамалуы мүмкін. Бұл денсаулыққа зиян тигізбеген жағдайда. Ал жарақат келтірсе, 3-7 жылға, өмірге қауіп төндірсе, 7-12 жылға сотталады.
Сондай-ақ, бүгін мұздықтарды зерттейтін орталық құруға қатысты заң қаралды.
Бұл ғылыми алаң Орталық Азия мемлекеттері үшін стратегиялық маңызға ие.
Өйткені, мұнда климаттың өзгеруі, жаһандық жылыну процесі зерделенеді. Сел мен
су тасқынын алдын алу жолдары да қаралады. Еске салсақ, бұдан бөлек бүгін
Құрылыс кодексі, Цифрлық кодекс және банк туралы заң да қаралды. Ол жайында
толығырақ 20:00 де айтамыз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06