Алматыда метро желісі кеңейтіледі
Алматының жаңа бас жоспарына сәйкес метроның жаңа желілерін салу жоспарланып отыр.
Жақын уақытта Қалқаман станциясы мен одан әрі Барлық бағытына дейінгі тағы үш станцияны іске қосу көзделген. Жолаушылар ағынын теңгеру және қаланың орталығын өзара байланыстыру мақсатында «Қазақфильм» бағытына қарай тағы бір тармақ салынады. Бұдан бөлек, әуежай аумағында да жеке метро стансасы пайдалануға беріледі. Бұл әуе айлағы мен қала арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек. Жоба аясында қала аумағын ғана емес, маңайдағы елді мекендерді де қамтитын ірі стансалар қарастырылған. Сонымен қатар, болашақта Алатау қаласымен байланыстыратын жеке метро желісі салынады. Бұл облыс аумағы тұрғындарының қалаға қатынауын жеңілдетеді. Жобаны іске асыру мерзімдері мен нақты бағыттары алдағы уақытта нақтыланады, - дейді әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы