Басты Жаңалықтар Әулиеата өңірінің мақамдары кітап болып шықты

Әулиеата өңірінің мақамдары кітап болып шықты

Әулиеата өңірінің әуендері енді кітап болып жарыққа шықты. «Әулиеата мақамдары» деп аталатын кітапқа жамбылдық жыршы-термешілер туындылары мен ел аузында айтылып жүрген 50-ге тарта ән-жыр енгізілген.

Мақсат – ұмытылуға айналған жыр-терме үлгілерін қағаз бетінде қайта жаңғырту. Бұл түпнұсқадағы мақамнан ауытқымай айтуға сеп болмақ. Музыкалық туындылардың нота түріндегі нұсқасы әзірге 200 данамен басылған. Жаңа кітаптың жарық көруіне мұрындық болған жыршы-термешілер мен айтыскер ақындар орталығы келешекте таралымын көбейтуді көздеп отыр. Осылайша «Әулиеата мақамдары» өңірдің әдеби-сазды кітаптарының әліппесіне айналмақ.

Төрехан Көрпебаев, сазгер, мәдениет саласының үздігі:

Кітапты ашып қарасақ біраз дүние жинақталды. Ішінде Кенен атаның жырлары, Жамбыл атамыздың жырлары, өзіміздің облыстан шыққан ақын, айтыскерлердің жырлары толық нотаға түсіп, кітапқа басылып шықты. Бұл да өте үлкен қуаныш. Енді мынау ұрпаққа біз қалдырып жатырмыз. Келешек ұрпақта да ары қарай жалғасын табады деп ойлаймын.
 


Бөлісу