Ыстанбұлда қазақ ән-күйі әуеледі
«Қазақконцерт» ұжымының әншілері Ыстанбұл қаласында концерт өткізді. Дәстүрлі әндер шырқалып, қоңыр күй күмбірлеген кеште сондай-ақ түрік әндері де шырқалды. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы ұйытқы болған шараға Түркияда оқитын студенттер мен жергілікті қазақтар жиналды.
Атамекеннен
алыста жүрген қазақтар ұлттық ән мен күйімізді сағынып, аңсайтыны сөзсіз.
Сондан да болар елден келген өнерпаздарды әрдайым құшақ жая қарсы алып,
концерттерге үзбей келуге тырысады. Қазақконцерт ұжымының кешіне де жергілікті
қазақ қандастарымыз көптеп жиналды.
Гүлсім
Гөкай, Ыстанбұлда тұратын қазақ:
Бүгінгі концерт өте күшті болды шетелдегі қазақтар үшін сағыныш қой. Осы концертті осында әкелген сіздерге рахмет айтамыз барша қазақстандық қандастарға сәлем.
Олжа, Ыстанбұлда
тұратын қазақ:
Мен Ыстамбұлда туып өскен қазақтарданмын. Ұнады, жақсы болды. Ыстанбулда қазақ күні жақсы өтті. Сағынамыз Қазақстанды. Көп сәлем айтамын бәріне.
Екі сағатқа
жуық созылған концертте ұлттық ән-күйлерімізбен қатар қазақ халық
композиторларының шығармалары да орындалды. Мұндай мәдени кештер екі елдің
байланысын нығайта түседі дейді өнерпаздар.
Перизат
Тұрарова, дәстүрлі әнші:
Ыстанбулға келіп қазақтың өнерін паш етуге келіп қалдық. Өте қуаныштымыз. Тыңдармандарымыз табылып жатыр бұрыннан бізді тыңдап біліп жүрген. Және жастар бар туған жердің әнін күйін сағынып жүрген студенттер болды көбіне. Ыстанбулда осындай концерт қойғанымыз үшін өте қуаныштымыз. Көп рахмет ыстық ықыласпен қабылдап жатқандарыңызға.
Мұндай ән
кештерінің Түркияда оқитын қазақ жастары үшін де орны ерекше. Олар мәдени
ортада бас қосып, көңіл көтеріп қана қоймай, елге деген сағыныштарын да басады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы