Басты Жаңалықтар БҚО-да жаңа әлеуметтік нысандар ашылды

БҚО-да жаңа әлеуметтік нысандар ашылды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Атап айтқанда, екі ауылда заманауи спорт кешені мен Ақсай қаласында жаңа білім ордасы ел игілігіне берілді.

Бұл – аймақтағы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған сегізінші мектеп. Жаңа нысанның ашылуы аудандағы үш ауысымдық мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Ал Кеңтүбек және Жарсуат ауылдарында заманауи спорт кешендерінің ашылуы халықты қуанышқа бөледі. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы – мың шаршы метр. Мұнда үлкен спорт залы мен жаттығу бөлмелері бар, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық корпус салынып, ауыл балаларына арналған спорт секциялары ашылады.

Айтбай Тастайбеков, Кеңтүбек ауылының тұрғыны:

«Ақ түйенің қарны жарылған күн» деп айтуға болады бүгінгі күнді. Мұндайды тіпті армандай алмап едік! Мына спорт кешені ашылып жатыр. Бұл жер негізінен Бөрлі ауданындағы «спортшылар ауылы» деп аталады. Бізден Әлем чемпионы, Азия жүлдегерлері де шығып жатыр. Болашақта енді Олимпиадаға қатысатын балалар шығады деген сенімдеміз.
 

Бөлісу