Шымкентте 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Сенбілік Абай ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында өтті. Шараға «Жастар рухы» Жастар қанаты, коммуналдық сала мамандары мен қала тұрғындары белсене атсалысты. 30-ға жуық адам арық-атызды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қураған ағаштар мен шөптерді кесіп, аумақты ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 52-ші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 49 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 4 мыңға жуық азамат атсалысқан.
Әбдез
Рахманұлы, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Хабарлама бергеннен кейін тұрғындардың өздері келіп қатысып жатыр. Сіздердің осы шараларыңызға қатысайық, тазалықты сақтауға елді үгіттейік деп тұрғындардың өздері шығып жатыр. Бұл дегеніміз біздің мәдениеттің, тұрғындардың мәдениетінің көтеріліп келе жатқнадығының көрінісі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында
Ақтөбелік жастар да ескерткіштердің айналасын қардан тазартты. Шалқар ауданының
белсенділері бұл жолы бауырластар зиратының аумағында сенбілік өткізді.
«Аманат» партиясы, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері ұйымдастырған шараға
30-дан астам адам қатысты. Олардың арасында білім беру мекемелерінің
қызметкерлері мен «Қамқор локомотив» бастауыш партия ұйымының мүшелері де бар.
Белсенді жастар бұған дейін Шалқар көлінің жағалауын және тарихи тұлғаларға
қойылған ескерткіштердің айналасын қоқыстан тазартқан еді.
Нұрболат Мұрсалов, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенді мүшесі:
Есет-Дәрібай кесенесі мен Қазанғап Тілепбергенұлының зиратына сенбілік жүргізген болатынбыз. Аталған шара өзінің жалғасын таба береді және барша рухтастарды осы акцияға белсене қатысуға шақырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы