Басты Жаңалықтар Биыл 6 мыңнан астам қазақстандық алаяқтарға алданған

Биыл 6 мыңнан астам қазақстандық алаяқтарға алданған

Бас прокуратура телефон арқылы алдайтын алаяқтардан қорғанудың жаңа әдісін айтты. Қазір жаңа схема бойынша, жәбірленушінің телефонына «1414» қысқа нөмірінен SMS-код келеді. Артынша  қоңырау шалып, өзін мемлекеттік орган немесе банк өкілі, бәлкім курьер деп таныстырып, код сұрайды.  Осыдан кейін басқа нөмірден тағы қоңырау шалады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері болып «алданып қалдыңыз, бекер код айттыңыз » деп уайымға салады да, «енді ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару керек» деп өз алаяқтықтарын іске асырмақ болады. Кейде мұның бәрі бейне байланыс арқылы ұйымдастырылуы мүмкін. Сондықтан ескеріңіз, ақша аудару үшін «қауіпсіз шот» деген ешқашан болмайды. Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан 1414-тен келген бір реттік кодты, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды. Айтып өтейік, биыл телефон арқылы 6,1 мыңнан астам қазақстандық алаяқтарға алданған. 

 

 

Бөлісу