Емханалар жанындағы мобильді топтар жүктемені 50% дейін жеңілдетті
Елімізде емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар жедел жәрдемге түсетін жүктемені 50 пайызға дейін азайтты. Бүгінде ел бойынша осындай 650 мобильді топ бар. Әр 25 мың адамға бір бригададан келеді. 1 қарашадан бастап күшіне енген бұл жүйе шұғыл көмекке зәру жандарға жедел жәрдемнің тезірек жетуіне жағдай жасап отыр. Шақыртудың категориясын диспетчер анықтайды. Егер науқас күте алатындай жағдайда болса, бұл іске мобильді топ кіріседі. Емхана жұмысынан тыс уақытта міндетті қайтадан жедел жәрдем станциясы атқарады. Осылайша, жедел жәрдемге түсетін күндізгі жүктеме біршама азайды, - дейді мамандар. Ал, эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезде қосымша мобильді бригадалар жұмылдырылады. Жыл басынан бері елімізде жедел жәрдем қызметіне 7,5 миллион қоңырау түскен.
Әсел Қыдыралиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
ресми өкілі:
Негізінде 4-ші категориялы шақыртулар жарты сағаттан бір сағатқа дейін. Кешкі алтыға дейін шақырту қабылданады. Егер алтыға дейін түскен шақыртулар саны көп болса, 8-ге дейін олар атқарып үлгеруі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы