Қостанай облысында оңалту орталығы ашылды
Қостанайда Президент пәрменімен бұрын резиденция болған ғимарат оңалту орталығына айналды. Мұнда психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі зақымданған пациенттер ем алады. Жылына кемінде 900 баланы медициналық және әлеуметтік көмекпен қамтуға қауқарлы. Ол үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Нысандар мүгедектігі бар жандардың ыңғайына сай жаңартылып, құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен АҚШ және Еуропадан алдыртқан. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоры 1 миллиард 37 миллион теңге жұмсады.
Қарлығаш Тумерзина, Қостанай қаласының тұрғыны:
Баламның диагнозы бір жарым жасында қойылды, ДЦП. Аты Бекзат. 12 жаста. Орталықтың ашылғанына қуаныштымыз. Бізге осы аппаратура керек. Бәрі балалар үшін, ата-ана үшін ұйымдастырылған.
Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:
Әлеуметтік салада өте маңызды стандарттарды көтеруіміз керек. Алтын стандарт, еуропалық стандарттарға. Барлық мамандарды оқытып жатырмыз. Құрал-жабдықтар Швейцария, Аустралия, Америка барлық жерден келе жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы