Басты Жаңалықтар Қазақстанның әл-ауқат көрсеткіші артқан

Қазақстанның әл-ауқат көрсеткіші артқан

Халықтың шамамен 94 пайызы өзін қауіпсіз сезінеді. Ұлттық статистика бюросы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының әдістемесіне сәйкес, Қазақстандағы өмір сүру сапасының индекс көрсеткіштерін жариялады. 

Қиын сәтте сенім артатын адам бар деп белгілегендер - 93,3%-ды көрсетсе, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш – 91%. Өмірге қанағаттану деңгейі бойынша, азаматтар өз өмірін 10 балдың ішінен 7,6 баллға бағалаған. Респонденттер күнделікті өмірде жағымды эмоцияларды жиі сезінетінін айтқан. Бұл көрсеткіш орта есеппен - 7,3 балл. Жұмыссыз жүргендердің үлесі төмендеп, 1% көрсетті. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың 80%-дан астамының жұмысы бар. Сондай-ақ, аптасына 50 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің үлесі былтырмен салыстырғанда азайып, 2%-ға тұрақтады. Ал «Қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 93,9%-ы түнде көшеге шыққанда өзін қауіпсіз сезінетінін айтқан. Осылайша, Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерден жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Айта өтейік, ұйымға 38 мемлекет мүше, оның ішінде Австрия, Бельгия, Германия, Канада, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Норвегия, Швеция бар.


Бөлісу