Басты Жаңалықтар Сенат дәрігерлердің құқығын қорғайтын заңды қабылдады

Сенат дәрігерлердің құқығын қорғайтын заңды қабылдады

Сенат дәрігерлердің құқығын қорғайтын заңды мақұлдады. Енді медицина қызметкерлерін ұрып-соққандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал күш қолданамын деп қорқытса, 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегілмек.  Тіпті 2 жылға қамалуы мүмкін. Бұл денсаулыққа зиян тигізбеген жағдайда. Ал жарақат келтірсе, 3-тен 7 жылға, өмірге қауіп төндірсе, 7-ден 12 жылға сотталады.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Соңғы бес жылда дәрігерлерге 280 шабуыл жасалған. Бірақ бұл айсбергтің шыңы ғана. Өйткені дәрігерлер көбіне арыз жазбайды. Мысалы, Қостанайда хирург алған жарақатынан төрт жыл жұмыс істей алмай, 960 адам көмектен айырылды.

Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады

Цифрлық кодекс те мақұлданды. Заң аясында «Цифрлық құқық» деген түсінік енгізілмек. Виртуалды меншігіңізді сата аласыз, сондай-ақ мұра ретінде қалдыруға да болады. Ал әлеуметтік желідегі парақша енді жеке мүлік болып саналады. Біреу құпиясөзіңізді тауып немесе басқа жолмен парақшаңызға рұқсатсыз кірсе, құзырлы органдарға шағымдана аласыз. Заң жобасында биометриялық әдістемелерге де көңіл бөлінген. Яғни жеке мәліметтерді қорғау үшін адамды бет-жүзі, саусақ ізі арқылы танитын жүйелер көбейеді.


Бөлісу