Басты Жаңалықтар Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске кері қайтарды. Олар 16 түзету енгізді. Бұрын банктер азаматтардың жеке деректерін ұзақ уақыт сақтай алатын. Тіпті несие толық төленіп, жабылғаннан кейін де мұрағатта қалатын. Енді нақты мерзім бекітілмек. Сол аралықта ақпараттың бәрін базадан өшіруге міндеттеледі. «Алайда, бақылау күшейіп, тексеріс көбейіп кетсе, несие алу қиындайды. Яғни қаржылық операциялардың іске асуы техникалық жағынан күрделене түседі» дейді депутаттар. Сондықтан жаңа заңды банк қызметіне кедергі келтірмейтіндей етіп өзгертуді талап етіп отыр.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:  

Бұл жекелеген нормалардың макроэномикалық әсерін қайта пысықтау қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты депутат ретінде банк секторын қадағалауды күшейту мен оның тұрақты әрі орнықты дамуына қолайлы жағдай жасаудағы теңгерімді сақтау аса маңызды деп есептеймін.  

Сенат Құрылыс кодексін Мәжіліске қайтарды

Сенат Құрылыс кодексін де Мәжіліске қайтарды. Түзетулердің басым бөлігі – қағазбастылықты азайтуға қатысты. Мәселен, «бас архитекторды тек құзырлы органдар бекітеді» деген норма артық дейді депутаттар. Өйткені мұндай талап Мемлекеттік қызмет туралы заңда бар. Бұдан бөлек ескі үйлерге қатысты норма қайта жазылуы тиіс. Енді оларды сүру туралы шешімді тек иесінің өзі немесе сот қабылдай алады. Бұған дейін мұндай құқықты мердігерлерге де беру ұсынылған еді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Кодексте құрылыс обьектілерін жоспарлау және салу сапасын арттыруға бағытталған нормалар қамтылды. Сондай-ақ сәулет, қара құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылауды күшейтетін тетіктер бекітілді.


 


Бөлісу