Басты Жаңалықтар Өзбекстанда жанармай өндірісі мен импорт көлемі ұлғайды

Өзбекстанда жанармай өндірісі мен импорт көлемі ұлғайды

Өзбекстанда АИ 80 маркалы бензинді қолдану тоқтаған соң сұйық отын тапшылығы туындады. Билік жоғары октанды жанармай өндірісі мен импорт көлемін ұлғайтуға көшті. Қыс мезгілінде сұйық отынға сұраныс тіпті артқан. Бүгінде АИ-92 және одан да жоғары маркалы бензин өндіру көлемі айына 80 мыңнан 100 мың тоннаға дейін артқан. Туристер ағыны мен әуе қатынасының ұлғаюына байланысты авиакеросинге де сұраныс күрт өсті. Еске салайық, көрші елде АИ-80 маркалы бензинді өндіру қыркүйек айында тоқтатылған еді. Желтоқсаннан бастап жанармайдың бұл түрі сатылымнан алынып тасталды. Алайда сапасыз сұйық отынның саудасы әлі де тыйылар емес.

Навруз Норбобоев, «Узэнергоинспекция» компаниясының баспасөз хатшысы:

Жанармай сапасын бақылау мақсатында 632 жанармай құю бекеті сараптамадан өткен. 210 нысанда 8 млн литрден астам мұнай өнімдерінің мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмейтіні анықталып, сатылымнан алынды.
 



Бөлісу