Басты Жаңалықтар Сарапшы: Заманауи АЭС қоршаған ортаға зиян емес

Сарапшы: Заманауи АЭС қоршаған ортаға зиян емес

Заманауи Атом электр станцияларының қоршаған ортаға зияны өте аз. Себебі ол жерде радиоактивті заттар ашық ауаға шығарылмайды. Бұл түркиялық маманның пікірі. Айтуынша көп адам ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей АЭС, күннен қуат алатын станция сияқты нысандарды зиянды деп санайды. Бұл ешқандай ғылыми негізі жоқ пікір. Керісінше, электр энергиясын салыстырмалы түрде қоршаған ортаға ең зиянсыз өндіретін Атом электр станциялары, - дейді маман.

Оғызхан Акиенер, Түркияның Энергия стратегиясы мен саясатын зерттеу орталығының басшысы:

Бүгінде әлемнің 30-дан аса елінде 440 Атом электр станциясы бар. Оның көпшілігі 30-40 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Олардың ауаға зияны көмір немесе мазут жағатын станциялардан әлдақайда төмен. Сондай-ақ, олар әртүрлі апаттарға да төзімдірек. Заманауи атом электр станциялары жер сілкінісі, цунами, бомба жарылысы сияқты апаттарға төтеп беретіндей етіп салынады. Сондықтан қазіргі таңда Атом станциялары электр қуатын өндірудің ең тиімді, ең арзан әрі ең қауіпсіз тәсілі екені сөзсіз.
 
 



Бөлісу