Басты Жаңалықтар Ақтауда «Болашақ прокурорлар кеңістігі» орталығы құрылды

Ақтауда «Болашақ прокурорлар кеңістігі» орталығы құрылды

Ақтауда 32-мектепте өңірдегі жалпы білім беретін мекемелер арасында алғаш рет «Болашақ прокурорлар клубы» ашылды. Ал, Есенов атындағы университетте заң мамандықтарында білім алатын студенттер үшін «Болашақ прокурор кеңістігі» орталығы іске қосылды. Сонымен қатар, TEDx форматындағы пікірталас клубы құрылды. Бұл шаралар облыстық прокуратураның бастамасымен оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасалған.

Руфина Аюпова, Құқықтану мамандығының 4-курс студенті:

Құқықтану мамандығында оқып жатқан студенттерге және өзіме болашақ прокурор болатын болғандықтан бізге өте маңызды және де осыларды оқу арқылы біз осы прокуратураның құрылу тарихы, және де олардың басты қызметтерін, қандай бағыттарда жұмыс атқаратындығын барлығын көріп, түсіне аламыз.

Айбар Ілияс, Бас Прокуратураның кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары:

Ең алдымен ол Президентіміздің тапсырмасы. Бұл жастарды заңды құрметтеуге, құқық қорғау органдары қалай жұмыс істейді соны насихаттау. Дұрыс жүргендері, жаман қауіп-қатерлерден алыстау жүргендері сол үшін арналған.
 


Бөлісу