Басты Жаңалықтар Түркістанда «Келешек мектептері» білім ұяларының жетіспеушілігі проблемасын шешуде

Түркістанда «Келешек мектептері» білім ұяларының жетіспеушілігі проблемасын шешуде

Түркістан облысында биыл жаңадан 29 «Келешек мектебі» салынса, соның 27-сі пайдалануға берілді. Ал  Сауран ауданынан ашылған үш мектеп  үш ауысымда оқу, апатты және ескі ғимараттарда білім беру мәселелерін шешті. Сондай-ақ, педагогтердің заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызды. Ұлттық жоба тек жаңа ғимараттар салумен шектелмей, ауыл мен қала арасындағы білім сапасын теңестіруге, балалардың қабілетін ашуға маңызды бастама болып отыр.

Кәусар Орынбай, оқушы:

Жалпы салыстыра кететін болсақ, бізде №5 «Келешек мектебі» оқушыларға қолайлылық сыйлайды деп ойлаймын. Себебі осындай, мысалы биология пәнін алатын болсақ, микроскоптармен жұмыс жасауды үйретеді. Оқушылардың дамуына үлкен ықпал етіп жатыр деп айта аламын.
 


Бөлісу