Басты Жаңалықтар «Қазақ әлемі 2» фильмі көрерменге жол тартты

«Қазақ әлемі 2» фильмі көрерменге жол тартты

 Алматыда «Қазақ әлемі 2» көркем фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. Туынды шет елде жүрген қазақ жастарының өмірі мен туған жерге деген сағынышын бейнелейді. Фильмнің негізгі желісі- елге оралу және ұлттық жауапкершілік төңірегінде өрбиді. Картина еліміздің барлық кинотеатрына көрсетіліп жатыр. 

Фильм кейіпкері Данияр қаржылық тығырыққа тіреліп, үйінің несиесін төлей алмай қалады. Осы сәтте оған тосын ұсыныс жасалады. Ауқатты азамат Америкада жүрген қызын елге қайтарып беру үшін қомақты сыйақы береді. Таңдау алдында қалған Данияр жауапкершілікті мойнына алып, Чикагоға аттанады.

Нұртуған Мұхамеджанов, продюсер:

Визасы бар адамдарды тауып Америкаға бардық. Америкада біз 20 күндей болдық. Бір апта біз локация қарадық. Актерларды таңдадық Америкада ойнайтын. Солай съемканы бастап кеткенбіз. Ал Алматыда бір бес сменадай болды. Біп аптадай дайындалып, бес күн түсірдік. 

Америкада Данияр Ардақты табады. Ол – өз жолын тапқан, алпауыт компанияда табысты қызмет ететін маман. Елге қайту туралы әңгіме қозғалғанда, Ардақ әуелде қарсы болады. Осы тұста фильмде туған жер мен жеке өмір арасындағы ішкі тартыс көрініс табады.

Нұрлан Қоянбаев, актер:

Қазақ жастарында шекара болмауы керек басында. Оқуы керек. Елді көруі керек. Және де өз елімізге қайтып, осы қоғамды, осы аймақты әлемдегі мықты аймаққа айналдыру керек деген жоба. 

Үміті ақталмаған Данияр елге жалғыз оралады. Алайда көрермен фильм соңында күтпеген шешімге куә болады. «Қазақ әлемі 2»  –  шетте жүрген отандастарымызды елге шақырып, Қазақстанды бірге дамыту идеясын көтеретін туынды.

Бөлісу