Басты Жаңалықтар 1.8 млрд теңге: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мүлкін жымқырған күдікті қамауға алынды

1.8 млрд теңге: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мүлкін жымқырған күдікті қамауға алынды

Бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 31 мың тонна өнімін заңсыз иемденген деген күдікпен Сергей Ким қамауға алынды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша «АлбаСтройДор» директорына қатысты тергеу жүргізілуде. Ол 2015 жылы қос компания арасындағы өзара келісімді пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Осылайша компанияға 2 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.

Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:

Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 



 

Бөлісу