Басты Жаңалықтар «ECOFINAL 2025: Тазалыққа 100 қадам» экологиялық акциясы өтті

«ECOFINAL 2025: Тазалыққа 100 қадам» экологиялық акциясы өтті

Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ECOFINAL 2025: Тазалыққа 100 қадам» атты қорытынды іс-шара өтті. Өңірде жыл бойы жүзеге асқан экологиялық бастамалардың нәтижесі сараланып, үздік волонтерлер мен белсенді жастар марапатталды. Сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған бастамалар кең қолдау тапты. Шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру.

Айару Жетпісбай, «Жетісу жастары» КММ үйлестірушісі:

Жалпы бір жылдық қортындыны айта кететін болсам, 400-ден астам экологиялық акция ұйымдастырылған. Бүгін біздің қорытынды іс шарамызда жалпы белсенділерге, эко-белсенділерге және де осы акция аясында белсенділік танытқан аудандарға алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар берілді.
 

Бөлісу