Басты Жаңалықтар «Қызғылт қоянға аңшылық» фильмінің премьерасы өтті

«Қызғылт қоянға аңшылық» фильмінің премьерасы өтті

Әлеуметтік теңсіздік пен зиянды әдеттердің зардабы. Алматыда «Қызғылт қоянға аңшылық» фильмінің премьерасы өтті. Туындыны «Қазақфильм» киностудиясы мен Moonlight Pictures бірлесе таспалаған. Драмаға толы кино әскерден оралған жас жігіт пен ауқатты отбасының ұлы арасында өрбиді. Фильмдегі негізгі кейіпкерлерді Рауан Ахмедов пен танымал рэп-орындаушы Асхат Рысбеков сомдады. Шығармашылық ұжым түсірілім үшін Астана қаласы мен Бурабайды таңдаған. Ал режиссер Аян Найзабеков үшін бұл үлкен кинодағы алғашқы қадамы.

Аян Найзабеков, режиссер:

Бұл фильм - әлеуметтік драма. Естеріңізде болса, «Қызғылт қоян туралы ертегі» фильмі осыдан 15 жыл бұрын шыққан еді. Бұл - соның жалғасы іспетті. Алайда кейіпкерлер де, оқиға өтетін аумақ та өзгерген. Кинода біз үлкен әлеуметтік мәселені көтердік. Ал актерлер құрамына келсек, көп іздендік, қажетті мамандарды таптық. Түсірілімге 25 күн жұмсадық.
 

Бөлісу