Мюнхен-Бейжің бағытындағы ұшақта бір адам қаза тапты
Lufthansa әуекомпаниясының Мюнхен-Бейжің бағытындағы ұшақта бір жолаушы қаза тапты. 30 жастағы азамат өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған соң экипаж командирі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуды жөн көрген. Оқиға бүгін түнде LH 0722 рейсінде болған. Ұшаққа әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы дереу жеткенімен, жолаушының ұшақ қонбай жатып қайтыс болғаны анықталды. Барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң әуе кемесі таңда Бейжіңге ұшып кеткен. Алдын ала болжам бойынша шетел азаматы жүрек ауруынан көз жұмған болуы мүмкін. Көлік полициясы департаменті қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Ләззат Қасымжанова,
ҚР ІІМ Көліктегі ПД ресми өкілі:
Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04