ШҚО-да шалғайдағы ауылдар интернетке қосылды
Шығыс Қазақстанның Күршім ауданындағы барлық ауыл интернетке қосылды. Бұған дейін ең алыстағы Жолнұсқау, Амангелді және Егіндібұлақ сияқты елді мекендерде ұялы байланыстың өзі нашар болатын. Биыл мобильді операторлар антенналы бағаналар орнатты. Нәтижесінде аудандағы 21 ауыл сапалы интернетке толық қосылды. Бұл аудандағы білім мен денсаулық саласын және мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетті. Өйткені кейбір ауылдарда интернеттің жылдамдығы өте төмен болған. Енді толық 4G желісі бар. Ал келер жылы тау арасындағы кейбір шаруашылыққа «Starlink» байланыс жүйесі орнатылмақ.
Шыңғыс
Кәдірбаев, Қаратоғай ауылының тұрғыны:
Мал шаруашылығымен айналысамыз. Бұл интернет құрылғалы жақсы болды. Бұрын интернет болмаған. Оқушы балаларға да, қалада жүрген оқушы балаларымызға да бәріне жақсы болды. Алыстағы туыстармен, бәрімен видеомен мына интернет желісі арқылы сөйлесіп отырмыз.
Шығыс
Қазақстан облысында бірнеше жыл бұрын
цифрлық инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасы жасалған. Нәтижесінде
қазір өңірдегі ауылдардың 98 пайызы
тұрақты байланысқа қосылған. Енді ұялы байланыс операторларына интернеттің
сапасын жақсарту талабы қойылған. Бүгінге дейін аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде 4G желісі ұстап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы