Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
Алматының таулы аймағында жоғалып кеткен үш азаматтың бірінің денесі табылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, тауға шыққандар 24 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен. 26 желтоқсанға қараған түні 112-ге әйел адам хабарласып, бауырының екі досымен бірге байланыссыз кеткенін, үйге әлі оралмағанын айтқан. Хабар түскен бойда жоғалғандарды іздеу жұмыстары басталған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, «Қазавиақұтқару» тікұшағы әуеге көтерілген. Дрон арқылы әуеден шолу кезінде «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылып, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен тікұшақпен төмен түсірілген. Марқұмның жеке басы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Қалған екі азамат іздестіріліп жатыр. Жылдам әрекет етуге таудағы дауыл кедергі келтіруде, - дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы