Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында алматылық кәсіпорын ай сайын 2 мың 500 тонна қалдық өңдейді. Одан тұрмысқа қажет картон қағаздарын шығарады. Өндіріс ошағы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу ісін дамыту жобасымен қаржыландырылған. Мекемеде 250-ге жуық адам еңбек етеді. Олар әзірлеген өнім ел нарығын қамтып отыр. Сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанға да экспортталады. Өндіріс ошағы өңдеу көлемін ұлғайтып, зауытты кеңейтуге ниетті.
Рухсари Чемербаева, қағаз және картон өндіруші зауыттың бөлім басшысы:
Біз жылына 50 млн дана өнім шығарамыз. Ендігі меже – өндіріс көлемін ұлғайту. Бұл тек экономикаға ғана емес экологияға да тиімді. Себебі қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ағаштарды сақтай аламыз. Біз еліміз бойынша қоқыс жинаушылармен ынтымақтастықты кеңейтіп, «EcoQoldau» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуды жоспарлап отырмыз.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41