Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
Биыл елдегі мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды. Әлеуметтік жоба Президент тапсырмасына сәйкес «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Арнайы кабинетте тіс клиникасында қандай жабдық болса, соның бәрі бар. Дәрігер мен медбике де тұрақты түрде жұмыс істейді. Олар ауыз қуысы ауруларының алдын алу үшін ай сайын тексеріс ұйымдастырып отырады. Тісжегі секілді аса асқынбаған ауруларды емдейді. Ал күрделі жағдайларда жақын маңдағы ауруханаға жолдама жазып береді. Алдағы үш жылда мектептерде тағы мыңға жуық стоматологиялық кабинет жұмыс істей бастайды.
Гаухар Бөгенбаева, стоматолог:
Тексеріс барысында біз бірінші ата-аналарға қолхат береміз. Ата-аналардың қағаз жүзінде рұқсаты керек. Қалай рұқсат береді, балаларды осы кабинетке шақырып тексереміз. Тісжегі енді басталып кеткенде емдеуге болады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06