Қазақстандық 100 стартап шетел нарығына шықты
Қазақстанда құрылған 100-ден астам стартап шетелдік нарыққа шығып, жұмыс істеп жатыр. Оның бірі – Higgsfield.ai компаниясы. Бүгінде стартаптың құны 1 млрд доллардан асқан. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бүгін саланы қорытындылады. Қазақстан онлайн қызмет көрсету индексі бойынша алғашқы 10 елдің қатарына кірген. eGov mobile қосымшасын былтыр ай сайын 4,2 млн азамат белсенді қолданса, биыл бұл көрсеткіш 6,4 млнға жетті. Ал венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін Qazaqstan Venture Group құрылды. Оның мақсатты көлемі 1 млрд доллар. Бүгінде оның 115 млн доллары тартылған, деді ведомство басшысы.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17