Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға тергеу қорытындысын жіберді
Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовтың хабарлауынша, Ресейдің Тергеу комитеті Azerbaijan Airlines ұшағының апатына байланысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатқан. Әзербайжанға тергеу қорытындысын жіберген.
«Мұндай қадам, әрине, көптеген сұрақ туындатады. Ұшақтың атып түсірілгенін Ресей жағы мойындады және өтемақы төленетіні де айтылды. Бұл маңызды мәлімдеме болған. Бұл процесс соңына дейін жеткізіледі деп күтеміз», – деген Ж.Байрамов.
Былтыр 25 желтоқсанда болған ұшақ апатына бір жыл толғанда еліміздің Көлік министрлігі аралық есеп жариялаған еді. Комиссия Ақтауға келіп құлаған ұшаққа «оқ-дәрінің зақымдаушы элементтері» әсер еткен болуы мүмкін деген қорытынды шығарған.
Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Ақтау маңына құлағанда 38 адам қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алған еді.
38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі – Ресейдің азаматтары.
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа Ресей жауапты екенін айтты. Ресейден кінәсін мойындауды және кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті В.Путин кешірім сұрады. Бірақ ұшақты Ресей әуе қорғаныс күштері атқанын тек биыл ашық мойындады.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Флоридаға барды. Келіссөз бүгін біздің уақытпен 23.00-де басталады.
Сол бейбітшілік келісімін талқылайды. Ал көрші елдің басшысының мәлімдемелерінен мәмілеге келу райы байқалмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы