Ақтөбеде жаңа үйдің жылу жүйесіне шағым көп
Ақтөбеде жаңа үйдің тұрғындары қыс басталғалы бүрсең қағып отыр. Айтуларынша, жылу жүйесінде ақау көп. Сондықтан электр жылытқыштарымен амалдауға мәжбүр.
Бес қабатты, 70 пәтерлі бұл үйге негізінен әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы кезекте тұрғандар қоныстанған. Тұрғындардың көбі жаз айларында көшіп келген. Алайда, қыс басталғалы олар үйлерінің салқын екенін айтып, шағымдана бастады.
Қарсақбай Көккөзов, қала тұрғыны:
Көршімнің балалары ауырып жатыр, екі баласы. Бірінші этажда тұрады. Ауырып жатыр. Үйлері сырос. Обогреватель қосып қояды.Балалары ауырмас үшін.Тұрғындар мәселені жауапты мекемелерге бір ай бұрын жеткізген. Алайда, дер кезінде ешкім көмекке келмеген. Бірер күн бұрын жылу жүйесіне жауапты компания өкілдері келіп, қазандықты тексеріп кеткен. Айтуларынша, температура қалыпты. Салқын еденнен және терезе жақтауларынан келуі мүмкін. Ол олқылықтарды құрылыс компаниясы жөндеуі тиіс.
Жанболат Сарманов, «Aktobe Su-Energy Group» АҚ бас инженерінің орынбасары:
Инспектор келіп бөлмелердегі ауаның температурасын өлшеді. Өлшем бойынша 25-26 градус целсийді көрсетіп тұр. Осы үйдің тұрғындарына нұсқама берілді. Яғни, балкондардың есігін, терезелердің есігін және полдарын қымтау жөнінде.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02