Қызылордада үй кезегінде тұрған 120 отбасы баспаналы болды
Қызылордада жаңа жыл қарсаңында үй кезегінде тұрған 120 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстау рәсіміне Сенат депутаттары қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Сол жағалаудан бой көтерген 9 қабатты екі заманауи тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана тауқыметін көріп келген жанұяларға берілді. Кезекте тұрған жандар жаңа пәтердің 10 пайыз жарнасын төлеп, төмен пайызбен үйлі болып отыр. Олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар. Жалпы аймақта соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысына 59 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Берік Нұрғалиев қала тұрғыны:
Осындай баспанаға қол жеткізуді армандап жүр едік. Арманымыз бүгін орындалып, қуанышымызда шек жоқ. Өзім бес баланың әкесімін. Көпбалалы ретінде алып жатырмыз.Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында Президенттің бастамаларына сәйкес үлкен ауқымды-серпінді жасампаз жобалар іске асып жатыр. Соның нақты бір көрінісі мына Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстар. Тұрғын үймен қамту мәселесі басты назарда екені белгілі.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16